Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, әлемдік деңгейдегі спорт чемпиондары жайлы танымын кеңейту, зияткерлік қабілеттерін дамыту, патриоттық және салауатты өмір салтын насихаттау.
21 қаңтар күні мектебімізде 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Әлемдік және спорттық чемпиондар» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Зияткерлік ойын бірнеше кезеңнен тұрды:
- Әлемдік спорт чемпиондары туралы танымдық сұрақтар;
- Қазақстандық спорт саңлақтарының жетістіктері;
- Спорт түрлеріне байланысты логикалық тапсырмалар;
- «Білгір спортшы» блиц-турнирі;
Ойын барысында оқушылар спорт саласына қатысты өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты. Әр команда спортқа деген қызығушылығы мен істеу қабілетін көрсетті.


