Skip to content

мамандықтар марафоны «Тағдырымның кілті-өз қолымда» тақырыбында кездесу

Мақсаты: Жасөспірімдердің  мамандыққа деген қызығушылығын анықтау, өзін-өзі тануға көмектесу, болашақ кәсіби бағытын дұрыс таңдауға бағыт беру және еңбекке, жауапкершілікке баулу.

Мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған «Адал азамат» біртұтас  тәрбие бағдарламасы шеңберінде «Тағдырымның кілті-өз қолымда» тақырыбында мамандықтар марафоны форматында кездесу өтті. Кездесуде мектеп педагог-психологы кәсіби бағдар беру бағытында тренинг-әңгіме өткізіп, мамандықты таңдаудағы негізгі факторлар, жеке қабілеттер мен бейімділікті анықтау жолдары туралы кеңестер ұсынды. Оқушылармен «Мамандықты жүрекпен таңда», «Менің болашағым» атты жаттығулар жасалып, өмірлік мақсаттар мен таңдаудың маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, әртүрлі мамандықтар  бойынша ақпараттық, мәліметтер ұсынылып, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *