Skip to content

«Құқық пен міндет» тақырыбында маманмен кездесу

Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық пен міндет ұғымдарының  аражігін ажырата білуге үйрету, құқықтық мәдениетті  қалыптастыру және жауапкершілік сезімін дамыту.

 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде «Құқық пен міндет» тақырыбында маманмен кездесу өткізілді.  Шара барысында Ақтау қаласы ПБ ҚҚБ ЮПб аға УПИ полиция майоры:Романов Ы.А құқықтық тәрбие жөнінде  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың міндеттері мен жауапкершіліктері жайында нақты заң баптарымен таныстырды. Кездесу сұрақ-жауап форматында өрбіді. Оқушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сауал қойып, құқықтық тұрғыда  толыққанды жауаптар алды. Әсіресе жасөспірімдердің киберқауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік желілерде  өзін дұрыс ұстау тақырыптарына қызығушылық танытқаны байқалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *