Skip to content

«Бала құқықтары», «Құқықтық сауаттылық-заман талабы», «Заң біткен жерде, зұлымдық басталады» тақырыптарындағы  сынып сағаттары

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адам құқығы мен бала құқығын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Заң алдындағы жауапкершілік, құқықтық мәдениет  пен әділеттілік ұғымдарын  түсіндіру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу.

Мектебімізде 26 қаңтар күні 1-11 сынып оқушылары арасында тәрбие жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құқықтық тәрбиеге бағытталған  сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілері балалардың жас ерекшеліктеріне сай тақырыптарды талқылап, интерактивті әдістер арқылы білім алушылардың құқықтық түсініктерін кеңейтті. «Бала құқықтары» тақырыбында оқушылар ҚР Конститутциясы мен Бала құқықтары туралы конвенция негізінде өз құқықтары  мен міндеттерімен танысты. Жоғары сыныптарда «Құқықтық сауаттылық-заман талабы», «Заң біткен жерде, зұлымдық басталады» тақырыптарында бейнематериалдар көрсетіліп, пікірталас форматында сабақ өтті.                        

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *