Мақсаты: Оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру; қоғамдағы өзара көмек көрсету мәдениетін дамыту; ізгілік құндылықтарын насихаттау.
Акцияға 1–4 сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, ата-аналардың қолдауымен өз қолдарымен дайындаған бұйымдар мен тәтті тағамдарды жәрмеңкеге ұсынды. Жәрмеңке барысында оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен жауапкершілік танытты. Іс-шара барысында сынып жетекшілері қайырымдылықтың мәні мен маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, игі істің қоғам үшін пайдасын атап өтті. Оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, жақсылық жасаудың қуанышын сезінді. Өткізілген акция нәтижесінде білім алушылардың әлеуметтік белсенділігі артып, қайырымдылыққа деген оң көзқарасы қалыптасты. Мұндай тәрбиелік шаралар оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына және мектеп ұжымында ізгі орта қалыптастыруға оң ықпал етеді.

