Skip to content

«Ата-анаға мың алғыс»

Мақсаты: Оқушылардың ата-анаға деген құрметі мен ризашылығын арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасы аясында жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеу.

Челлендж барысында білім алушылар ата-аналарына арналған алғыс сөздерін айтып, жүрекжарды тілектерін жолдады. Кейбір оқушылар өздерінің ата-аналарына арнаған өлең шумақтарын оқып, шағын бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. Сонымен қатар сынып сағаттарында «Отбасы – тәрбие бастауы», «Ата-анаға құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыптарында тәрбиелік әңгімелер жүргізілді. Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Челлендж жас ұрпақтың ата-ана еңбегін бағалай білуіне, отбасы құндылықтарын терең түсінуіне және ризашылық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *