Skip to content

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні» «Бәрі де ана өзіңнен басталды», «Анашым-жанының нәзіктігі»

Мақсаты: Оқушылардың анаға деген құрметін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, мейірімділік, қамқорлық, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде рухани-адамгершілік тәрбиені нығайту.

Сынып сағаттары барысында білім алушылар ананың қоғамдағы және отбасы өміріндегі рөлі туралы ой бөлісіп, анаға деген алғыс сезімдерін білдірді. Оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, жүрекжарды тілектерін арнап, шағын эсселер жазды. Сонымен қатар ана бейнесін сипаттайтын бейнероликтер көрсетіліп, тәрбиелік мәні бар әңгімелер жүргізілді. Кейбір сыныптарда шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, аналарға арналған ашық хаттар мен құттықтау бұрыштары әзірленді. Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың белсенді қатысуымен мазмұнды әрі тәрбиелік бағытта ұйымдастырылды. Іс-шара жас ұрпақтың бойында анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастырып, отбасылық құндылықтарды бағалай білуге оң ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *