Skip to content

«Ананың аялы алақаны»

Мақсаты: Оқушылардың бойында анаға деген құрмет пен ризашылық сезімін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ананың қоғамдағы және отбасындағы рөлін терең түсіндіру, сондай-ақ жас ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Челлендж барысында жоғары сынып оқушылары аналарға арналған бейнероликтер мен бейнеқұттықтаулар дайындап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Оқушылар шығармашылық жұмыстарында ананың бала тәрбиесіндегі орны мен шексіз мейірімін, қамқорлығы мен еңбегін ерекше атап өтті. Кейбір бейнероликтерде отбасылық құндылықтар, ананың өмірлік өнегесі мен ақыл-кеңестері кеңінен насихатталды. Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік тәрбиені нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Сонымен қатар, «Шабыт» жобасы аясындағы бұл бастама жастардың өз ойын еркін жеткізуіне, отбасыға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылар белсенділік танытты. Челлендж өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *