Мақсаты: Қыз балалардың бойында ұлттық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, инабаттылық пен әдептілікке тәрбиелеу, өзін-өзі құрметтеу мен қоғамдағы жауапкершілікті сезіндіру. Сонымен қатар, қыздардың мінез-құлқы, сөйлеу мәдениеті, сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесінің үйлесімділігі туралы түсінік беру көзделді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қыз баланың отбасындағы, қоғамдағы орны, ұлттық тәрбиенің маңызы, заманауи ортадағы қыз әдебі туралы өз ойларын ортаға салды. Ашық әңгіме форматында өткен шарада оқушылар пікір алмасып, түрлі жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ үлкендердің өнегелі сөздері мен тәрбиелік кеңестері талқыланды. Іс-шара оқушылардың мәдениетті қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және ұлттық тәрбие негіздерін нығайтуға бағытталды. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Іс-шара өз мақсатына жетті.

