Skip to content

«Ұлттық өнер көрмесі» 

Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, халықтың дәстүрлі қолөнері мен мәдени мұрасын дәріптеу, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және ұлттық өнерді қадірлеуге тәрбиелеу көзделді.

Көрме барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын және ұлттық мәдениетті бейнелейтін шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Ұсынылған жұмыстардың қатарында кесте, ою-өрнекпен безендірілген бұйымдар, түрлі қолөнер туындылары мен ұлттық стильдегі шығармашылық жұмыстар көрермен назарына ұсынылды. Аталған көрме оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыруға, ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын оятуға және эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталды.Іс-шара мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендердің қызығушылығын тудырды. Көрме өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *