Skip to content

«Бауырсақ Party»  

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен тағам мәдениетін насихаттау, оқушылардың туған елге, ұлттық мұраға деген құрметін арттыру, сондай-ақ ынтымақ пен бірлікті нығайту.

Іс-шара барысында оқушыларға бауырсақ тағамының қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі орны мен маңызы туралы мәліметтер берілді. Оқушылар ұлттық тағамды дайындау дәстүрі, оның Наурыз мейрамындағы ерекшелігі жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар шара барысында оқушылар әртүрлі пішіндегі бауырсақтарды таныстырып, олардың жасалу жолдары туралы айтып, ұлттық тағамның ерекшеліктерін түсіндірді. Мерекелік іс-шара барысында оқушылар ұлттық дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, шағын ойындар мен танымдық тапсырмаларға белсене қатысты. Шара өте қызықты әрі әсерлі өтіп, оқушылар арасында жақсы көңіл күй сыйлады. Аталған шара оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, олардың бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуына ықпал етті. Сонымен қатар, бұл іс-шара жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіруге, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды. Шара соңында оқушылар дайындалған бауырсақтардан дәм татып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, мерекелік көңіл күймен тарқасты. Қорытындылай келе, «Бауырсақ Party» шарасы оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, Наурыз мейрамы мерекесінің мән-маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *