Мақсаты: Білім алушыларға ұлттық ойындардың маңызын түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу, оқушылардың ептілік, күш-қайрат, жылдамдық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойындары – Арқан тартыс және Асық ату ойнатылды. Ойындарға қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің күш-жігерін, ептілігі мен мергендігін көрсете білді. Әсіресе, арқан тартыс ойынында командалар бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетсе, асық ату ойынында оқушылардың дәлдігі мен шапшаңдығы байқалды. Шара барысында ойын ережелері түсіндіріліп, әділдік сақтала отырып, жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырды. Аталған іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға, олардың дене тәрбиесін дамытуға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, бұл шара жас ұрпақты батылдыққа, шыдамдылыққа және жеңіске деген ұмтылысқа тәрбиелеуге бағытталды.
Қорытындылай келе, «Наурыз батыры» тақырыбындағы ұлттық ойындар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде өз мақсатына жетті.

