Мектебімізде 2–11 сынып оқушылары арасында мектеп психологтарының жоспарына сәйкес «Сізге қалай қарайды?» атты экспресс-сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесіне сәйкес оқушылармен буллинг және кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
✅ Мақсат – қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру және әр бала өзін жайлы сезінетін ортада білім алуына жағдай жасау.
Дәріс барысында оқушыларға:
– буллинг пен кибербуллингтің алдын алу
-зорлық-зомбылықтың алдын алу
– оның психологиялық және әлеуметтік салдары
— оқушыларды адамгершілікке, өзара құрметке, жауапкершілікке тәрбиелеу;
— қиын жағдайлардан қорғана білу және көмек сұраудан ұялмауға үйрету;
— отбасы – басты құндылық екенін түсіндіру.
– өзгені сыйлау мен жауапкершілік туралы мағлұмат берілді
Әр сыныпта түсінік жұмыстары жүргізіліп, пікірталас пен сұрақ-жауап форматында ашық әңгіме өрбіді. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, пікір алмасты.