Мақсаты: Жасөспірімдер арасында өмірлік құндылықтарды насихаттау, суицидтің алдын алу, күйзеліске төзімділікті арттыру және тұлғалық дамуға ықпал ету. Байқау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау дағдылары дамытылды.
«Менің өмірім – менің таңдауым» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараға 7–8 сынып оқушылары қатысты. Эссе жазу барысында білім алушылар өз өміріне жауапкершілікпен қарау, дұрыс шешім қабылдау, болашаққа мақсат қою, қиындықтарды жеңе білу және салауатты өмір салтын ұстану туралы ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар жасөспірімдер өмірдің құндылығы, отбасының қолдауы, достық пен сенімнің маңыздылығы туралы толғаныстарын жазбаша жеткізді.
Психологиялық онкүндік аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

