«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Прокурор тәрбиесі» жобасы аясында «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Мақсаты: Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, ерте жүктіліктің алдын алу, жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесуге Ақтау қаласы ПБ ҚҚБ ЮПб аға УПИ полиция майоры: Романов Ы.А қатысып, білім алушыларға тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады. Ол жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен салдары, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірді.

