Skip to content

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Достық-тек ортақ қызығушылық па?» дөңгелек үстел

Мақсаты: Достықтың тек ортақ қызығушылықтармен шектелмейтіндігін және оның терең мәнін талқылау. Оқушылар арасында өзара пікір алмасу, достықтың әртүрлі аспектілерін ашып көрсету. Оқушылардың коммуникативті дағдыларын нығайту, қатарластарымен пікір таластыру арқылы сөйлеу шеберлігін арттыру.Оқушыларды бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуге, ортақ шешімдер қабылдауға ынталандыру.

Дөңгелек үстелдің барысында: Оқушылар достықтың маңыздылығы, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда, өзара қолдау мен түсіністікке ықпалы туралы ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелдің нәтижесінде достықтың маңызды құндылықтары мен оның тек ортақ қызығушылықтардан ғана емес, сонымен қатар, сезімдер мен құрметтен тұратыны туралы пікірлер пысықталды. Дөңгелек үстелге қатысқан оқушылар өз ойларын ықыласпен білдіріп, дөңгелек үстел форматы арқылы тәжірибе алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *