Skip to content

«Ғылым адамзатқа тек пайда әкеледі» тақырыбында дебат

Мақсаты: Білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізе білуге үйрету, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ пікірталас мәдениетін жетілдіру болып табылады.

Дебат барысында қатысушы оқушылар екі топқа бөлініп, берілген тақырып аясында өз көзқарастарын қорғады. Бір топ ғылымның адамзат дамуына тигізер оң әсерлерін дәлелдесе, екінші топ ғылымның кейбір кері тұстары мен қауіптері жөнінде тұжырымдар келтірді. Қатысушылар нақты мысалдар мен дәйектерге сүйене отырып, өз ойларын жүйелі түрде жеткізіп, қарсы топтың пікіріне сыни тұрғыдан жауап берді. Пікірталас барысында оқушылардың сөйлеу мәдениеті, логикалық ойлау деңгейі, дәлел келтіру шеберлігі және командамен жұмыс жасау қабілеттері айқын көрініс тапты. Дебат тартысты әрі мазмұнды өтіп, қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Іс-шараға 8-11 сынып оқушылары қамтылып, ұйымдастыру жұмыстары жетекші мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Қорытындылай келе, «Ғылым адамзатқа тек пайда әкеледі» тақырыбындағы дебат оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге, өз пікірін дәлелді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыруға ықпал еткен, тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде бағаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *