Skip to content

«Жасыл апта» Республикалық экологиялық  челленджі

Мақсаты: Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу, сондай-ақ мектептің ішкі кеңістігін көгалдандыру арқылы жайлы әрі эстетикалық орта қалыптастыру болып табылады.

Челлендж аясында мектеп қызметкерлері, оқушылар және ата-аналар белсенділік танытып, мектепке бөлме гүлдерін сыйға тартты. Сыйға берілген гүлдер оқу кабинеттеріне, дәліздер мен мектептің басқа да ішкі бөлмелеріне орналастырылып, білім ордасының көркіне көрік қосты. Бұл игі бастама оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, оларды тірі табиғатты күтіп-баптауға, жауапкершілікке тәрбиелеуге ықпал етті. Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушыларға бөлме өсімдіктерін күту, оларды дұрыс суару мен орналастыру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Экологиялық тәрбиеге бағытталған бұл шара оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Іс-шараға 1-11 сынып оқушылары толық қамтылып, ұйымдастыру жұмыстары сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігінің үйлестіруімен жүзеге асырылды.Қорытындылай келе, «Жасыл апта» республикалық экологиялық челленджі мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналардың бірлескен еңбегі нәтижесінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік маңызы зор, мазмұнды іс-шара ретінде өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *