Мақсаты: Білім алушыларға ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндіру, қыз бала мен ұл баланың тәрбиесіндегі ерекшеліктерді ұғындыру, олардың бойында адамгершілік, инабаттылық, жауапкершілік, әдептілік қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті арттыру.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне қатысты инабаттылық, сыпайылық, көргенділік сияқты қасиеттері, ал ұл бала тәрбиесіндегі батылдық, жауапкершілік, елжандылық ұстанымдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ұлттық тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтылып, олардың тәрбиелік мәні талқыланды. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасу, сұрақ-жауап арқылы тақырыпты тереңірек меңгеруге мүмкіндік алды. Түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен тәрбиелік бағыттағы әңгімелер жүргізіліп, оқушылардың белсенділігі арттырылды. Аталған сынып сағаттары оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, олардың бойында рухани құндылықтарды дамытуға және қоғамда өзін дұрыс ұстау мәдениетін жетілдіруге бағытталды. Сонымен қатар, қыз бен ұл тәрбиесіндегі ұлттық ұстанымдардың маңыздылығы айқын көрсетілді.

