Skip to content

«Денсаулық-өмір негізі» музыкамен жалпы мектептік жаттығу

Мақсаты: Білім алушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру, күнделікті жаттығу жасау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылардың сергектігін арттыру және мектеп ұжымының бірлігін нығайту.

Іс-шара барысында барлық сынып оқушылары мен педагогтер мектеп ауласында бір уақытта жиналып, әуен ырғағымен дене жаттығуларын орындады. Жаттығулар кешені оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іріктеліп, жалпы дене қозғалысын жақсартуға, бұлшық еттерді шынықтыруға және сергектік сыйлауға бағытталды. Музыкамен орындалған жаттығулар оқушылардың көңіл күйін көтеріп, белсенді қатысуына ықпал етті. Шара барысында тәртіп пен қауіпсіздік ережелері сақталып, оқушылар ұйымшылдық пен жауапкершілік танытты. Аталған іс-шара білім алушылардың денсаулыққа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, олардың күнделікті өмірінде дене белсенділігінің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, «Денсаулық – өмір негізі» тақырыбындағы жалпы мектептік жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор, мазмұнды іс-шара ретінде өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *