Skip to content

«Қамқор» жобасы аясында «15 сәуір Халықаралық мәдениет күні»            тақырыбында сынып сағаты

Мақсаты: Білім алушыларға мәдениет ұғымының мәнін түсіндіру, ұлттық және әлемдік мәдени мұраларға құрметпен қарауға тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың бойында қамқорлық, жауапкершілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында оқушыларға «Халықаралық мәдениет күні» туралы кеңінен мәлімет беріліп, бұл күннің маңыздылығы мен тарихы түсіндірілді. Оқушылар мәдениеттің қоғамдағы рөлі, әр халықтың мәдени ерекшеліктері, салт-дәстүрлері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, ұлттық мәдени мұраларды сақтау мен дамыту қажеттілігі жөнінде ой қозғап, өз көзқарастарын ортаға салды. Іс-шара барысында тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, мәдениетке қатысты өз білімдері мен ойларын еркін жеткізе білді. «Қамқор» жобасының мәніне сәйкес, оқушылар бір-біріне құрмет көрсету, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, мәдениетті тұлға болу қағидаларын талқылады. Сынып сағатының нәтижесінде оқушылардың мәдениетке деген қызығушылығы артып, рухани құндылықтарды бағалау, сақтауға деген көзқарастары қалыптасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *