Мақсаты: Білім алушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жеке бас гигиенасын сақтау дағдыларын дамыту, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау қажеттілігін түсіндіру.
Бейнеүндеуде өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру, күн тәртібін тиімді ұйымдастыру, психологиялық саулықты нығайту мәселелері кеңінен қамтылды. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың алдын алу, тазалық сақтау және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы маңызды ақпараттар берілді. Шара барысында оқушылар бейнеүндеуді мұқият тыңдап, денсаулыққа қатысты өз ойларын ортаға салды. Тақырып аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың белсенділігі арттырылды. Аталған іс-шара білім алушылардың денсаулыққа деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, олардың өмір салтын жақсартуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.
Қорытындылай келе, «Денсаулық сабағына» арналған бейнеүндеу мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде өз мақсатына жетті.

