Skip to content

«Менің болашақ мамандығым» суреттер байқауы

3–4 сынып оқушылары арасында «Менің болашақ мамандығым» атты суреттер байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларды өз болашақ мамандығы туралы ойлануға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және түрлі мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Байқау барысында оқушылар өз қиялдарындағы мамандықтарды сурет арқылы бейнелеп, дәрігер, мұғалім, ғарышкер, құрылысшы сияқты әртүрлі кәсіп иелерін көрсетті. Әр жұмыс оқушының арманы мен ішкі дүниесін танытып, ерекше идеяларымен және бояу үйлесімімен көзге түсті.

Қатысушылар белсенділік танытып, байқауға үлкен қызығушылықпен қатысты. Ұсынылған жұмыстар ұқыптылығымен, мазмұндылығымен және тақырыпты ашу деңгейімен бағаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *