Skip to content

«18-35 жас аралығындағы жастар мен кәмелетке жасқа толмаған жастар арасында діни экстремизм  мен терроризмнің алдын алу жүзеге асыру»

Мақсаты: Білім алушылар мен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, олардың зиянды салдары туралы ақпарат беру, жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Түсіндірме жұмыстары барысында маман Ж.Я.Аталикова сөз алып, қазіргі қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігіне тоқталды. Ол жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыру жолдары, күмәнді ақпарат көздерінен келетін қауіптер, әлеуметтік желілер арқылы таралатын радикалды идеялардың ықпалы туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, жастарға дұрыс діни бағытты ұстану, ақпаратты саралай білу, заң талаптарын сақтау қажеттілігі атап өтілді. Іс-шара барысында қатысушыларға нақты мысалдар келтіріліп, түсіндірме жұмыстары сұрақ-жауап форматында жалғасын тапты. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Іс-шараға жоғары сынып оқушылары мен мектеп ұжымы қатысып, ұйымдастыру жұмыстары мектеп әкімшілігінің үйлестіруімен жүзеге асырылды.

Қорытындылай келе, аталған тақырыптағы түсіндірме жұмыстары жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың саналы көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға бағытталған маңызды іс-шара ретінде өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *