Мақсаты: Білім алушыларға каникул кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру, түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу, жолда жүру, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жеке қауіпсіздік дағдыларын дамыту болып табылады.
Сынып сағаты барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, тұрмыстық жағдайда сақтық шараларын сақтау туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, интернет қауіпсіздігі, бөгде адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары кеңінен қарастырылды. Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап, пікір алмасу жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі жағдаяттық тапсырмалар арқылы өз білімдерін бекітіп, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы қорытындылар жасады. Сынып сағатына 1-11 сынып оқушылары толық қамтылып, ұйымдастыру жұмыстары сынып жетекшілерінің жетекшілігімен жүзеге асырылды.

