Мақсаты: Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдерді заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу болып табылады.
Кездесу барысында шақырылған мамандар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері, олардың себептері мен салдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері кеңінен қамтылды. Оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары, жауапкершілік түрлері мен заң алдындағы міндеттері туралы нақты мәліметтер берілді. Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды. Пікір алмасу, түсіндірме жұмыстары оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті. Кездесуге 7-11 сынып оқушылары қатысып, ұйымдастыру жұмыстары мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің үйлестіруімен жүзеге асырылды. Қорытындылай келе, «Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек» тақырыбындағы алдын алу іс-шарасы оқушылардың құқықтық білімін арттыруға, қауіпсіз орта қалыптастыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор кездесу ретінде жоғары деңгейде өткізілді.

