Skip to content

«Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп»

Мақсаты: Білім алушылар арасында буллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға буллинг ұғымы, оның түрлері мен салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, буллингтің алдын алу жолдары, өз-өзін қорғау тәсілдері және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау туралы мәліметтер берілді. Оқушылар түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындап, пікір алмасу арқылы бір-біріне құрметпен қарау, қолдау көрсету дағдыларын қалыптастырды. Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап, тренинг элементтері ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, буллингтің қоғамға тигізер кері әсері туралы тұжырымдар жасады. Сынып сағаттарына 1-11 сынып оқушылары толық қамтылып, ұйымдастыру жұмыстары сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігінің үйлестіруімен жүзеге асырылды.

Қорытындылай келе, «Буллингтен қорған! “Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп”» тақырыбындағы сынып сағаттары оқушылардың қауіпсіз ортада білім алуына ықпал етіп, олардың бойында өзара құрмет, бірлік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде жоғары деңгейде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *