Skip to content

«Жас сарбаз»

Мақсаты: Білім алушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу, әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Фестиваль барысында қатысушы оқушылар әскери-патриоттық тақырыптағы әндерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір қатысушы Отанға деген сүйіспеншілігін, елге деген құрметін ән арқылы жеткізе білді. Оқушылардың сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлігі мен белсенділігі жоғары деңгейде көрініс тапты. Іс-шара барысында патриоттық рухты көтеретін әндер шырқалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, қатысушылардың өнеріне әділқазылар алқасы баға беріп, үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталды. Фестивальге әр сыныптан белсенді оқушылар қатысып, ұйымдастыру жұмыстары пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Қорытындылай келе, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, шығармашылық әлеуетін дамытуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеуге бағытталған мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде жоғары деңгейде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *