Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының бойында бірлік, достық, татулық құндылықтарын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Челлендж барысында оқушылар бірлік пен ынтымақ тақырыбындағы өлеңдер оқып, әндер орындап, көркем сөз шеберліктерін көрсетті. Әр сынып өз өнерлерін таныстырып, түрлі форматтағы бейнероликтер дайындап, челлендж эстафетасын жалғастырды. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығы мен белсенділігі жоғары деңгейде көрініс тапты. Іс-шараға 1-4 сынып оқушылары толық қамтылып, ұйымдастыру жұмыстары сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігінің үйлестіруімен жүзеге асырылды. Челлендж барысында балалардың сахналық мәдениеті, өз-өзіне деген сенімділігі және ұжыммен жұмыс жасау дағдылары дамыды.
Қорытындылай келе, «Бірлік жыры» тақырыбындағы челлендж оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған, мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде жоғары деңгейде өткізілді.

