Skip to content

«Заң және тәртіп-халықтық Конституция»

Мақсаты:Білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуді насихаттау, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді арттыру, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты дамыту болды.

Салтанатты жиынға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.О. Бекпенова және Өмірзақ ауылының әкімі Б. Кенжалиев арнайы қатысып, оқушыларға ізгі тілектерін білдірді. Қонақтар өз сөздерінде жас ұрпақтың заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауы – ел болашағының жарқын кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Конституцияның қоғамдағы орны мен маңызы туралы кеңінен түсіндіріп, оқушыларды адалдыққа, әділдікке және жауапкершілікке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, оқушылар тарапынан патриоттық бағыттағы өлеңдер оқылып, көріністер қойылды. Сонымен қатар, заң мен тәртіпке байланысты танымдық мәліметтер айтылып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік әңгімелер жүргізілді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылар белсенділік танытты. Жиын соңында оқушыларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, қоғамдық тәртіпке бағыну және құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған салтанатты шара оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға, ел заңдарын құрметтеуге және азаматтық ұстанымдарын нығайтуға өз үлесін қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *