Skip to content

«Білімім-Отаныма!» «Қауіпсіз каникул»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге тәрбиелеу, құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын орындаудың маңыздылығын түсіндіру болды.

Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілері оқушыларға Конституция – еліміздің басты заңы екендігін түсіндіріп, заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, интернет қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері, су айдындарындағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпараттар берілді. Оқушыларға каникул уақытында белгіленбеген орындарға бармау, кешкі мезгілде ата-анасының бақылауынсыз жүрмеу, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауда сақ болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сынып сағаттары барысында түрлі түсіндірме жұмыстары, сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, қауіпсіздікке байланысты бейнероликтер көрсетілді. Білім алушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *